Даниел (Дан) Василе Петреску (; 22 желтоқсан 1967https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/102023, Бухарест, Румыния) — румыниялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Ұлттық құрама Румыния Ұлттық құрамасы сапында 1989-2000 жылдар аралығында ойнады. 12 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бір қызығы, Петреску гол соққан матчтардыі бәрінде де құрама жеңіске жетті. Тұңғыш рет 1989 жылы 29 мамырда Италияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Алғашқы голын 1990 жылы 5 желтоқсанда Сан-Марино қақпасына соқты (ЕУРО-1992 іріктеуі).
1994 жылы әлем чемпионатына қатысып, топтық кезеңнің соңғы турында АҚШ қақпасына гол соқты, осы голы құраманы 1/8 финалға алып шықты. Чемпионаттағы бесс кездесуде түгел алаңға шықты. 1996 жылғы Еуропа чемпионатында Петреску үш ойында алаңға шығып, бір гол соқты, құрама топтан шыға алмады.
1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия қақпасына гол соқты (2:1). Өзінің айтуынша, бұл карьерасындағы ең маңызды голдардың бірі болды.
Карьерасындағы соңғы ірі турнирге 2000 жылы қатысты, Еуропа чемпионатында Румыния намысын қорғады.
2000 жылы 7 қазанда соңғы ойынын Италияға қарсы өткізді (тұңғыш ойынын да Италияға қарсы өткізген болатын).
Жетістіктері
Командалық
Ойыншы ретінде Стяуа
Румыния чемпионы: 1985/86, 1987/88, 1988/89 Румыния кубогы: 1987/88, 1988/89 Чемпиондар лигасының финалисі: 1988/89 Румыния кубогының финалисі: 1989/90
Челси
Англия кубогы: 1996/97 Англия лига кубогы: 1997/98 УЕФА кубок иелері кубогы: 1997/98 УЕФА суперкубогы: 1998
Национал
Румыния кубогының финалисі: 2002/03
Бапкер ретінде Спортул
Румыния бірінші лигасының жеңімпазы: 2003/04
Висла
Польша чемпионатында екінші орын: 2005/06
Униря
Румыния чемпионы: 2008/09 Румыния кубогының финалисі: 2007/08
Кубань
Ресей бірінші дивизионының жеңімпазы: 2010
Тыргу Муреш
Румыния суперкубогы: 2015
Цзянсу Сайнти
Қытай кубогы: 2015
ЧФР
Румыния чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20
Жеке
Ойыншы ретінде
Англия премьер лигасының он жылдық символикалық құрамы (1992/93—2001/02)
Бапкер ретінде
Румыния жыл бапкері: 2008, 2009, 2011
Қатысқан турнирлері
Футболдан әлем чемпионаты 1994 Футболдан Еуропа чемпионаты 1996 Футболдан әлем чемпионаты 1998 Футболддан Еуропа чемпионаты 2000
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Румыния футболшылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Стяуа ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Уэсндей ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Брэдфорд Сити ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Румыния футбол жаттықтырушылары Санат:Рапид Бухарест ФК жаттықтырушылары Санат:Висла Краков ФК жаттықтырушылары Санат:Униря Урзичени ФК жаттықтырушылары Санат:Кубань ФК жаттықтырушылары Санат:Динамо Мәскеу ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Наср Дубай ФК жаттықтырушылары Санат:ЧФР ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Араби Доһа ФК жаттықтырушылары