Хуан Себастьян Верон (; 9 наурыз 1975 жыл, Ла-Плата, Аргентина) — аргентиналық футболшы, жжартылай қорғаушы. 1998, 2002, 2010 жылдары әлем чемпионатына, 2007 жылы Америка кубогына қатысты.
Мансабы Атақты аргентиналық футболшы Хуан Рамон Веронның ұлы. Әкесінің жолымен карьерасын "Эстудиантес" клубында 1994 жылы бастады. Екі жылдан соң аргентиналық тағы бір күшті клуб — "Бока Хуниорсқа" ауысты. Осы сәттен 21 жастағы футболшыға Еуропаның алпауыт клубтарының көзі түсе бастады.
1996 жылдың жазында "Сампдория" футболшысы атанды. Екі жылдан соң "Пармаға" ауысты.
1999 жылы "Лациоға" ауысып, екі маусым ойнады.
2001 жылы жазда "Манчестер Юнайтед" футболшыны 30 млн долларға сатып алды. Бұл Англиядағы сол кездегі ең қымбат трансфер болды. Верон ағылшын тілін жедел үйреніп, клубқа сіңісіп кетті, бірақ көп ұзамай негізгі құрамнан шеттетіле бастады. Бапкер Алекс Фергюсон ойыншылардың көптігінен Веронға негізгі құрамнан орын тауып бере алмағандығын кейін мойындады.
2003 жылы "Челсиге" ауысты. 2007 жылға дейін "Челсиге" тиесілі ойыншы болғанымен, уақытының көбі өзге клубтарда арендада өтті ("Интернационале" сапында 2004-06 жылдары ойнады, 2006 жылы туған клубы "Эстудиантеске" жалға берілді).
2007 жылы "Эстудиантеске" түпкілікті оралды.
Жетістіктері
Командалық «Эстудиантес»
ІІ дивизион чемпионы: 1995 Аргентина чемпионы (2): Апертура 2006, Апертура 2010 Либертадорес кубогы: 2009
«Парма»
УЕФА кубогы: 1999 Италия кубогы: 1999
«Лацио»
Италия чемпионы: 1999/00 Италия кубогы: 2000 Италия суперкубогы: 2000 УЕФА суперкубогы: 1999
«Манчестер Юнайтед»
Англия чемпионы: 2002/03
«Интернационале»
Италия чемпионы: 2005/06 Италия кубогы (2): 2005, 2006 Италия суперкубогы: 2005
Жеке
Англия чемпионатының үздік ойыншысы: қыркүйек 2001 Оңт. Американың үздік футболшысы (2): 2008, 2009 Аргентина жыл футболшысы (2): 2006, 2009 ФИФА 100
Дереккөздер
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эстудиантес ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары