Ескі мешіт (түр. Eski Camii) — XV ғасырдың басында Осман мемлекеті дәуірінде салынған мешіт. Түркияның Едирне қаласында (бұрынғы Адрианополь) орналасқан.
thumb|160px|Мешіттің ішкі көрінісі
Тарихы Ескі мешіт Әмір Сүлейман Челебидің бұйрығымен салынып, оның інісі Сұлтан І Мехмедтің басқаруымен аяқталған. Мешіт тарихи қала орталығында, базардың жанында және Селимие мен Үш Шерефелі мешіттері сияқты әйгілі тарихи мешіттерге жақын орналасқан. Ғимарат 9 күмбезбен жабылған, оларды төрт бағана тіреп тұр. Алғашында бір ғана мұнарасы болған, кейінірек Сұлтан ІІ Мұрад екінші, биік мұнараны салдырды. Мешіт ішіндегі үлкен каллиграфиялық жазбалар ерекше көркемдікке ие.
Галерея thumb|Едирне ескі мешіті (алдыңғы көрініс) thumb|Едирне, ескі мешіт thumb|Едирне ескі мешіті thumb|Едирне ескі мешіті, 2017 жылғы наурыз thumb|Сыртқы қабырғадағы фрескалық каллиграфия: «Аллаһ» thumb|Сыртқы қабырғадағы фрескалық каллиграфия: «Мұхаммед»
Сілтемелер Ескі мешіт - Archnet Ескі мешіттің суреттері, авторы Дик Осеман
Санат:XV ғасырда салынған мешіттер Санат:Түркия мешіттері Санат:Едирне Санат:Едирне мешіттері