нобай|оңға|«Бақташылардың тағзымы», нидерланд суретшісі Маттиас Стом, 1650 жыл нобай|оңға|«Иса Мәсіхтің дүниеге келгені», грек иконасы, Византия музейі, Афина нобай|оңға|Иса Мәсіхтің туғаны бейнеленген витраж терезе, Ром, Джорджия, Америка Құрама Штаттары нобай|оңға|«Бақташылар тағзымы» суретіндегі Мәриям мен Иса сәби, 1641 жыл, Гвидо Рени

Иса Мәсіхтің туғаны Жаңа Өсиетте, нақтырақ айтқанда Матай мен Лұқа кітаптарында сипатталған. Евангелия бұл оқиғаны Қуанышты хабар, Бейкүнә ұрықталу мен Даналар тағзымымен байланыстырады. Христиандар Исаның туғанын Рождество күні мерекелейді.

Канон мәтіні Інжілдің Жаратылыстың бастауы кітабының 3:15 тарауының өзінде де Мессияның бейкүнә ұрықталудан туғаны туралы жанама сәуегейлік жасалған делінеді.

Иса туғанын толығымен тек евангелистер Матай (кітабы. 1:18–25) мен Лұқа ғана сипаттайды:

Императордың жарлығына сәйкес, халық санағын жүргізуді жеңілдету үшін империяның әрбір тұрғыны өз руының шежіресіне сәйкес «өз қаласына» баруы тиіс болды. Жүсіп Дәуіттің ұрпағы болған еді және Мәриям Жүсіпке атастырылған еді, сондықтан екеуі Бетлехемге жол тартты.

Иса туғанынан ең бірінші Періштеден хабар алған бақташылар бас иген еді.

Евангелист Матайдың айтуынша, аспанда керемет жұлдыз пайда болып, ол сәби Исаға шығыстан келген даналарды бастап әкелді. Олар сыйлықтар — алтын, ладан мен мүр тарту етті; мұны жай ғана нәрестеге емес, Патшаға арналғандай жасады (Мт. 2:1–3). Сол уақытқа қарай Қасиетті отбасы «үйден» пана тапқан еді (шамасы, шамамен екі жыл өткендіктен, Назаретке қайта оралған болуы мүмкін), әрі Исаға қатысты грек тілінде енді «нәресте» сөзін емес, «бала» сөзін қолданылады (Мт. 2:1–11).

Даналардан Мессияның туғанын біліп, Оны жоймақ болған иудейлер патшасы Ирод екі жасқа дейінгі бүкіл нәрестелер өлтірілсін деп бұйырды. Алайда Иса тірі қалды; Періште Жүсіпке отбасыңмен Мысырға қашыңдар деді де, олар сол жерде Иродтың өліміне дейін тұрды (Мт. 2:16).

Өмірінің 8-күнінде Исаның сүндеті (Лқ. 2:21), ал 40-күнінде Иерусалим храмында құрбандығы (Лқ. 2:22–38) орын алған сияқты. Даналар тағзымы бұдан екі жылдан кейін орын алған делінеді.

Апокриф дереккөздері Иса Мәсіхтің туғаны жайлы екі апокриф дереккөз жан-жақты жазады: Жақып Протоевангелиесі мен Псевдо-Матайдың Евангелиесі. Осы дереккөздерге сәйкес, қонақүйде орын болмағандықтан, Жүсіп пен Мәриям түнді үңгірде өткізуге мәжбүр болды (Рождество үңгірі). Бұл үңгір екеуі үшін малды ауа-райының қолайсыздығынан паналату үшін пайдаланылатын қора болған.

Мәриям босану уақытының жақындағанын сезгенде, Жүсіп кіндік шеше іздеуге кетті. Алайда ол оны ертіп үңгірге қайта оралса, босану болып қойған екен. Үңгірдің ішін сондай бір нұр жарқыратып тұрды, оны көруге олардың көзі шыдамады. Біраз уақыттан соң сол нұр ғайып болып, Нәресте көрінді де, анасы Мәриямның емшегін алды. Киприанның айтуынша, Мәриям «кіндік шешенің ешқандай көмегіне мұқтаж болмады, өйткені Өзі әрі Ана, әрі босанудың қызметшісі болды, сондықтан Өз Нәрестесіне қамқорлық жасады». Ал ростовтық Димитрий Мәсіхтің дүниеге келуі Жүсіп кіндік шешені әкелмей тұрып-ақ болғанын жазады. Тағы Саломеяның да Давид ұрпағы болғаны айтылады.Святитель Димитрий Ростовский (Туптало). Жития святых. Сказание о Рождестве Господа Бога и Спаса нашего Иисуса Христа, 25 декабря.

Апокрифтер кіндік шеше Саломеяны Мәриямның пәк қыз екенін дәлелдеген деді. Саломея осылайша Мәсіх туғаны иконографиясында және халық салттарында да бар.

Күнінің таңдалуы Мәсіхтің дүниеге келген жылын байланысты оқиғаларға (императорлардың, патшалардың, консулдардың билік жылдары және т.б.) қарап анықтауға тырысулар нақты бір датаға әкелмеді. Қазіргі есептеулер бойынша, Иса Мәсіхтің дүниеге келуі б.з.д. 4 жылы болған деп саналады.

25 желтоқсан күні алғаш рет Секст Юлий Африканның 221 жылы жазылған жылнамасында көрсетілген,Hans J. Hillerbrand Christmas // Encyclopædia Britannica. немесе оны 211 жылға дейін жазылған римдік Ипполиттің Даниил пайғамбар кітабына жазған түсіндірмесінде кездестіруге болады; ол Мәсіхтің Август императорлығының 42-жылы, сәрсенбі күні, 25 желтоқсанда дүниеге келгенін жазған болатын.римдік Ипполит. Толкования на книгу пророка Даниила, 4.23 Успенский, Н. Д. История и значение праздника Рождества Христова Simmons, Kurt. An Examination of the Christmas Date in Several Early Patristic Writers // Questions Liturgiques 98.2017 (2018): 143-80.

Матай мен Лұқа Исаның Иудеядағы Бетлехемде патша Ирод тұсында туғанына келіседі. Исаның туған күні Інжілде немесе кез келген зайырлы мәтінде көрсетілмеген, бірақ оны Иродтың өліміне негіздесек, бұл күнді б.з.д. 6 және 4 жылдар аралығында деп есептейміз. Тарихи дәлелдер тым екіұшты болғандықтан, нақты күнді анықтау мүмкін емес.Doggett 1992, p579: "Although scholars generally believe that Christ was born some years before AD 1, the historical evidence is too sketchy to allow a definitive dating".

Рождествоны Католик шіркеуі Григориан күнтізбесі бойынша 25 желтоқсанда, Православие шіркеуі Юлиан күнтізбесі бойынша 7 қаңтарда тойлайды. Католиктер үшін Рождествоны жаңа Григориан күнтізбесіне жылжытқан Рим папасы XIII Григорий еді. Православтар, алайда, ескі күнтізбені әлі де қолданады.

Дереккөздер

Санат:Рождество туған Санат:Матай Евангелиесі Санат:Лұқа Евангелиесі