Эдвард Луис Бернейс (, 1891–1995) — аустро‑американдық коммуникация теорияшысы және практигі, қазіргі PR саласының «атасы» деп саналады. Ол психоанализге негізделген көпшілікке әсер ету әдістерін жүйелеп, қоғаммен байланыс мамандығын қазіргі түрінде қалыптастырды.
Өмірбаяны Эдвард Бернейс 1891 жылғы 22 қарашада Венада еврей отбасында, Эдди Бернейс пен Анна Фрейдтің (Зигмунд Фрейдтің қарындасы) шаңырағында дүниеге келген.
Релайтерлік мансабын 1915 жылы Сергей Дягилев балетінің жалпыамерикалық турнесіне жарнама науқанын ұйымдастырудан бастады. Кейінірек «Проктер энд Гэмбл», «Дженерал Моторс», American Tobacco Company, General Electric компанияларымен, сондай-ақ Элеонора Рузвельтпен және Калвин Кулиджбен жұмыс істеді. «Лайф» журналы оны XX ғасырдағы ең ықпалды жүз америкалықтың қатарына қосты.
Бернейс қазіргі заманғы бұқараны иландыру ғылымын қалыптастыруда немере ағасы Зигмунд Фрейдтің идеяларын пайдаланды. Бұл ілім ақыл-ойға емес, адамның бейсаналық сезімдері мен импульстерін манипуляциялауға негізделген.
Нацистер билікке келгенге дейін туған жері Аустриядан кетіп, АҚШ-қа қоныс аударды. Онда ол коммерциялық жарнаманың сипатын түбегейлі өзгертті және дәл осындай тәсілді саяси иландыру өнеріне де енгізе білді.
Бернейс қоғамдық науқандарды әзірлеуде психология мен басқа да әлеуметтік ғылымдарды PR-индустриясында қолданудың пионері болды. Қоғамдық пікірді қалыптастырудың бұл ғылыми әдісін ол «келісім инженериясы» деп атаған (Мартин Говард «Біз сізге не керек екенін білеміз», ). Бернейс былай деп жазды: «Адамдар діни төзімділікке ерекше мән беретін философияны қабылдауы мүмкін; олар «Жаңа бағытты» қолдауы немесе тұтынушылық наразылық акциясын ұйымдастыруы мүмкін. Бірақ мұндай нәтижелер өздігінен пайда болмайды: демократия жағдайында оларға негізінен келісім инженериясын қолдану арқылы қол жеткізуге болады».
Библиография Монографиялар
Мақалалар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
О Бернейсе в передаче Власть факта. Пропаганда.
Санат:АҚШ жазушылары Санат:АҚШ журналистері Санат:АҚШ психологтары Санат:Пиар