Шахмұрат хан (1847–1862) — 1862 жылы Қоқан хандығын билеген өзбекBosworth C. E. The new Islamic dynasties. A chronological and genealogical manual. N.Y., 1996. Р. 295 Мың әулетінің өкілі. Ол сондай-ақ II Мұрат хан ретінде де танымал.
Өмірбаяны Мың әулетінен шыққан. Шерәлі ханның үлкен ұлы Сарымсақ (Әбдірахман) бектің ұлы. 1846 жылы дүниеге келген, көп ұзамай әкесі өлтірілді. 1862 жылы Малла хан өлтірілгеннен кейін Әлімқұл, Қадыр және Ризали бастаған қыпшақтар мен қырғыздардың көмегімен Қоқан тағына отырды. Бастапқыда Әлімбек датқаның ықпалы күшті болды, бірақ көп ұзамай оны Әлімқұл өлтірді.
Шонжарлар мен дінбасылар Бұхарада жүрген бұрынғы хан Құдаярды таққа шақырды. Құдаяр әскерімен Ташкентке жақындады, ал қаланың әкімі Қанаат оның жағына шығып кетті. Осы уақытта Бұхара әмірі Мұзаффар Қоқан хандығына басып кірді. Шахмұрат хан Құдаярды тез арада жеңуге тырысқанымен, жеңіліске ұшырап, тұтқынға түсті. Көп ұзамай Қоқан тағына қайта отырған Құдаярдың бұйрығымен Шахмұрат өлім жазасына кесілді.
Әдебиет Dubovitskii, Victor; Bababekov, Khaydarbek (2011). S. Frederick Starr (ed.). The Rise and Fall of the Kokand Khanate. Ferghana Valley: The Heart of Central Asia. Routledge. pp. 29–68. ISBN 9781317470663.
Дереккөздер
Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары