Мира Сәдуақасқызы Ысқақова — психология ғылымының докторы (2009), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1958 жылы 29 қазанда Шымкент қаласында туған.

Шымкент педагогикалық институтының филология факульетін (1979, қазіргі Халықаралық қазақ-түрік университеті), Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дефектология факультетін (1988) бітірген. 1979-89 жылдары Шымкент мәдениет институтында оқытушы, 1989-94 жылдары Шымкент қаласындағы №12 орта мектепте психолог қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жалпы психология кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – педагогикалық психология, коррекциялық психология, әлеуметтік психология, психодиагностика. "Основы психического развития учащихся с общим недоразвитием речи" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 3 оқулық пен электронды оқулықтың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жалпы педагогика және психология. Искакова Мира Садвакасовна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Психология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары