Irish Singles Chart (Ирландиялық синглдер чарты ) — IRMA компаниясы шығаратын Ирландияның ресми синглдер чарты. Чарттағы синглдердің позициялары бөлшек сауда желілері мен Интернеттегі сатылым көрсеткіштері негізінде қалыптасады.
Тарихы 1992 жылға дейін чарт тікелей сатылым көлемі бойынша емес, музыкалық дүкендердің дыбыс жазу лейблдерінен жасаған көтерме сатып алу мәліметтерін талдау арқылы түзілетін.х 1962 жылдың 1 қазанынан бастап хит-парадтар RTÉ эфирінен беріле бастады, ал оған дейін Evening Herald газетінде басылып шығатын. Қазіргі уақытта чарт нәтижелері TG4 телеарнасының Pop4 хабарламасында жарияланады.
1992 жылдан бастап IFPI мен Ирландия дыбыс жазу индустриясының қауымдастығы Gallup компаниясымен келісімшарт жасасқаннан кейін, чарттар музыкалық релиздердің тікелей сатылым деректері негізінде жасала бастады. Соңғысы музыкалық сауда нүктелеріне сатылған релиздердің санын жинайтын арнайы жабдықтарын орнатты. Қазіргі кезде хит-парад HMV және Tower Records ірі музыкалық дүкендер желісінің және 40-тан астам тәуелсіз сатушылардың сатылым көрсеткіштерін қамтиды.
2006 жылдың 1 шілдесінен бастап чартты қалыптастыру механизміне iTunes, Vodafone Ireland, eircom, Sony Connect, Wippit және Bleep.com мәліметтеріне сүйене отырып, Интернет арқылы жүзеге асатын сатылым көрсеткіштері де қосылды.
Чарттағы жетістіктер Барлық ақпарат 1962 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды және Evening Herald газетінде басылған чарттарды қамтымайды.
Бірінші орынмен дебют жасаған алғашқы ирландиялық әртіс Дикки Рок & the Miami Showband "Every Step of the Way" әнімен (1965)
Бірінші орынды ең көп иеленген әртістер
Барлығы Әртіс 21 U2 13 The Beatles Westlife 12 ABBA 9 Клифф Ричард Майкл Джексон Boyzone Эминем Эд Ширан 8 Дикки Рок Элвис Пресли Мадонна Бритни Спирс Рианна Кельвин Харрис
Дереккөз:
Бірінші орында ең көп апта тұрған әндер АптаӘртіс(тер)ӘнЖыл(дар)Билл Уилан"Riverdance"1994Сэм Фендер және Оливия Дин"Rein Me In"*2026Kingfishr"Killeagh"*2025–26Луис Фонси және Дэдди Янки, feat Джастин Бибер "Despacito"2017Эд Ширан "Shape of You"*Ноа Кахан"Stick Season"*2023–24Ирландия Ұлттық футбол құрамасы"Put 'Em Under Pressure" 1990Грейси Абрамс"That's So True"*2024–25Black Eyed Peas"I Gotta Feeling"*2009Фаррелл Уильямс"Happy"*2014Брайан Адамс "(Everything I Do) I Do It for You"*1991Queen"Bohemian Rhapsody"* 1975–761991–92Дрейк, feat Уизкид және Кайла"One Dance"*2016Эд Ширан"Bad Habits"2021
Ескертпе: Жұлдызшамен (*) белгіленген әндер бірінші орында қатарынан емес, үзіліспен тұрған.
Чартта ең көп апта болған әндер АптаӘртіс(тер)ӘнThe Killers"Mr. Brightside"Льюис Капальди"Someone You Loved"Fleetwood Mac"Dreams"Том Оделл "Another Love"*Вэнс Джой"Riptide"*Хозир"Take Me To Church" Леди Гага және Брэдли Купер"Shallow"Goo Goo Dolls"Iris"*Ноа Кахан"Stick Season"*Coldplay "Viva La Vida"* Тағы қараңыз Irish Albums Chart
Дереккөздер
Санат:Ирландия музыкалық чарттары