Тағайна — Түркістан облысы Төле би ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде, Бадам өзенінің аңғарында, тауалдының сайлы-жыралы жерінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен8391133 1218 107,5 552 612 110,9 581 606 104,3

Тарихы Ауыл 1961–96 жылы көкөніс, сүт өндіретін “Первомайский” кеңшарының бөлімше орталығы болған. Бөлімше негізінде 1997 жылы Тайғанада шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Төле би ауданы елді мекендері