“Китаб әл - Бұлдан” (“Елдер кітабы”) – тарихи шығарма. Авторы – Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Иақуби. 891 ж. жазылған. Шығармада әлемнің сол кездегі ірі аймақтары 4 тарауға бөлініп сипатталады. Әсіресе, шығарманың Орталық Азия мен Орта және Таяу Шығыс елдерінің (Иран, Ауғанстан) тарихи-географиялық этнография, саяси құрылымдары баяндалған 1-тарауы көңіл аударарлық. Онда сауда жолдарына, жол бойындағы елді мекендер мен қалаларға толық сипаттама беріліп, Қазақстан аймағын мекендеген қарлұқтар, қимақтар мен оғыздар туралы тарихи-этнографиялық материалдар қамтылған. Испиджаб, Шаш, Фараб, Тараз қалалары жөнінде деректер келтірілген.

Дереккөздер

Крачковский И.Ю.,Арабская географическая литература, Избр. соч. т. 4, М. – Л., 1957; Кумеков Б.Е.,Государство кимаков ҚХ – ХҚ вв. по арабским источникам, А.-А., 1972.

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Санат:Тарих