Кариб теңізі – Атлант мұхитындағы жартылай тұйық теңіз. Орталық және Оңтүстік Америка құрлықтары аралығында, Үлкен және Кіші Антиль аралдары арқылы Атлант мұхитынан бөлініп жатыр. *Аумағы 2777 мың км², ең терең жері 7491 м. Суының орташа көл. 6745,3 мың км3. Жағалауларының кейбір жерлері таулы, кейде ойпатты келген. Батысы және Антиль аралдары бөлігі маржан (коралл) рифтерімен шектелген. Ірі шығанақтары: Гондурас, Дарьен, Венесуэла; Ірі аралдары: Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико. Климаты тропиктік. Солтүстік бөлігінде теңіз дауылдары болып тұрады. Беткі ағысы шығыстан батысқа қарай бағытталған, жылд. 1 – 3 км/сағ, *Юкатан бұғазы маңында 6 км/сағ. Суының температурасы қыс айларында 25С, жазда 28С, тұзд. 36‰ шамасында. Теңізде балық аулау және маржан жинау кәсіпшілігі дамыған. Панама каналы арқылы Атлант және Тынық мұхиттарды байланыстыратын қысқа теңіз жолы қалыптасқан. Негізгі порттары: Маракайбо, Ла-Гуайра (Венесуэла), Картахена (Колумбия), Лимон (Коста-Рика), Колон (Панама), Санто-Доминго (Доминика Республикасы), Сантьяго-де-Куба (Куба). Теңіздің экономикалық және стратегиялық маңызы зор.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Кариб теңізі