«Нагано кубогы – 2010» - 9-13 ақпан аралығында Жапонияда шайбалы хоккейден өткен халықаралық турнир. Аталмыш мұзайдын додасына Қазақстан, Дания, Словения және Жапония ұлттық құрамалары қатысты. thumb Наганода Қазақ хоккейшілері 7-23 мамыр аралығында Германияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындықтарын саралап қана қоймай, 2011 жылы Азия ойындарында басты қарсыласы болатын Жапония құрамасының әуселесін байқап көрді. Шаянов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен “Нагано кубогын” иеленді. Соңғы кездесуде біздің жігіттер Словения құрамасына жол берді - 1:4. Алайда осы матчпен қатар өткен ойында Дания құрамасы Жапонияны жеңіп, үш кездесудегі жинаған ұпай саны бойынша Қазақстан хоккейшілері бас бәйгені қанжығалады.
Қорытынды нәтиже Қазақстан - Дания 2:1 Қазақстан - Жапония 3:1 Қазақстан - Словения 1:4 Жалпы есеп Қазақстан — 6 Словения — 5 Дания — 4 Жапония — 3
Турнирдің «Ең маңызды ойыншысы» деп «Барыс» клубының ойыншысы Қазақстан шабуылшысы Вадим Краснослободцев танылды.
Қазақстан құрамасы
Ұлттық құрамаға Барыстың 17 ойыншысы, және ҚХЛ-де ойнайтын тағы 8 ойыншы, және «Сарыарқа» мен «Қазцинк-Торпедо» клубтарының бір-бір ойыншылары кірді. Қақпашылар Житков Павел, Кузнецов Алексей «Барыс», Еремеев Виталий «Динамо» Ресей
Қорғаушылар Савченко Роман, Казанцев Антон, Лакиза Артемий, Антипин Владимир, Васильченко Алексей бәрі — «Барыс», Ливиненко Артем «Витязь» Ресей, Семенов Максим «Атлант» Ресей, Фадеев Евгений «Автомобилист» Ресей, Коледаев Алексей «Металлург» Нк, Ресей
Шабуылшылар Корешков Александр, Спиридонов Андрей, Соларев Илья, Гаврилин Андрей, Старченко Роман, Шин Александр, Воронцов Алексей, Краснослободцев Вадим, Жайлауов Талгат, Рымарев Евгений бәрі— «Барыс», Бумагин Евгений, Польщук Федор, Дударев Дмитрий бәрі — «Металлург» Нк, Ресей, Касаткин Константин «Югра» Ресей, Уппер Дмитрий «Спартак» Ресей
Санат:Жапониядағы шайбалы хоккей Санат:2010 жылғы шайбалы хоккей