Синхронды тарату (synchronous transmission) - Синхрондық байланыс таратушы және қабылдаушы құрылғының таймерлерін сәйкестендіруге негізделеді. Мұнда биттер топтарын белу және оларды кадрлар деп аталатын блоктарға тарату жүзеге асады. Синхрондауды бастау және оның дәлдігін әлсін-әлсін тексеріп түру үшін арнайы символдар пайдаланылады. Биттер синхрондалып жіберіледі, сондықтан бастату және тоқтату биттерінің қажеті болмайды. Блок біткенде тарату тоқтайды, жаңасы келіп түскенде қайта басталады. Мұндай бастату-тоқтату тәсілі синхронды емес таратудан әлдеқайда тиімді. Қатені анықтау және түзету схемасы қатені табады да, қайта таратуды сұрайды. Синхронды таратуға күрделі жабдықтар пайдаланылады, сондықтан олар синхронды еместерден қымбат тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника