Шағатын жарғаққанаттылар - сабаққұрсақтылар отряд тармағының тұқымдастарының жоғарғы сатысының жәндіктер тобы. Жұмыртқа салғыштары өзгеріп шаншарға айналған. Ш.ж. басқа паразиттік жарғаққанаттылардан айырмашылығы жұмыртқаларын жұмыртқа салғыштың түбінен шығарады, ал оның езегі тек удың шығатын орны. Шаншар жәндіктерге өз азығын салдандыру үшін немесе ұясын қорғау үшін қажет. Ш.ж. ұяларында өздерінін дернәсілдерін басқа жәндіктермен немесе өсімдіктер тозаңы және шырынымен қоректендіреді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Жарғақ қанаттылар