Сүлеймен Мәметов (01.05.1952 жылы туған) - жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген. Алматы облысы Ескелді ауданы газетінде тілші, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1980 - 1995 жылдары республикалық "Жалын", "Балауса", баспаларында редактор, 1995 жылдан "Егемен Қазақстан" газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. "Жыр - бесік" атты алғашқы жыр жинағы 1983 жылы жарық көрген. "Ана суреті" (1985), "Перзент парызы" (1995) әңгімелер мен повестер жинағы басылып шыққан. Қазақ ертегілерінің екі томын құрастырушылардың бірі (1 т., 2000).Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер