Георгий Герасимович Герасимов (6.5.1897, қазіргі Чуваш республикасы, Моргауши ауданы - 21.5. 1972, Алматы) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы (1967).
Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітірген (1929). 1930 жылдан Алматыда қызмет істеді. 1946 - 1959 ж. Қазақстан ғылым академиясының архит. секторында еңбек етті. Байланыс үйі, Үкімет үйі (қазіргі ұлттық өнер академиясының оқу ғимараты), А. ш. ун-ті мен Опера және балет театры, т.б. құрылыстардың жобалау жұмыстарына қатысқан.
Георгий Герасимович Герасимов - Алматыдағы Байланыс техникумы (1931 - 1935), Балқаштағы Мыңарал балық зауыты кешені (1939-1941), М.Әуезов мұражайі, т.б. жобаларының (1956 - 1957) авторы. Қазақ сәулет өнері тарихын зерттеумен де айналысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:6 мамырда туғандар Санат:1897 жылы туғандар Санат:Моргауши ауданында туғандар Санат:21 мамырда қайтыс болғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО сәулетшілері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Алматы сәулетшілері Санат:Санкт-Петербург сәулет-құрылыс университеті түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшылары