Шолпан Сапарғалиқызы Жақытова - 1965 жылы 18 қарашада Павлодар облысы Павлодар ауданының 124-ші разъезінде туған. Қазақ. Әкесі - Жақытов Сапарғали Құрманұлы, марқұм. Анасы - Жақытова Зайни Ақшабайқызы, марқүм. Хронологиясы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген (1989), экономист. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1988 жылдан - аудандық агроөнеркәсіптік техника басқармасының экономисі, баға жөніндегі инженері (Торғай облысының Жақсы кенті). 1992 жылдан - «Жалып» шағын коммерциялық-брокерлік кәсіпорнының бас бухгалтері (Торғай облысының Жақсы көнті). 1993-1996 жылдары - Ақмола облысы Атбасар қаласы әкімінің аппаратында экономика бөлімінің аға маманы. 1998 жылдан -жеке кәсіпкер (Атбасар қ.). 2003 жылдан - «Валют Транзит Банкі» АҚ құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі (Атбасар қаласы). 2005 жылдан - «Альянс банк» АҚ ЕКБ бастығы (Рудный қаласы). 2007 жылдан - Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың желтоқсанынан бері - Қостанай облысы Әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы. Атбасар аудандық мәслихатының депутаты (2003-2006). Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі (2001 жылдан); Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы филиалының төрайымы (2003-2005); Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы филиалының төрайымы (2006-2007).
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары дамыған демократиялық қоғам». Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Тәженов Қанат Амангелдіүлы (1964 жылы туған), кәсіпкер. Қыздары - Тәженова Динара Қанатқызы (1985 жылы туған); Тәженова Дамира Қанатқызы (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар