Әбді Қайқыбасов (1882-1978), озат шопан, Социалисттік Еңбек Ері (1948). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. Шет ауданындағы бұрынғы «Шет жарық» ұжымшарынын аға шопаны болып еңбек еткен. 1947 жылы 500 қазақы саулық қойдан 605 қозы өсіріп, қозылардың салмағын орташа есеппен 40,8 кг-ға жеткізген. Ленин орденімен марапатталғанҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.

Дереккөздер

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ// Орталық Қазақстан.-2006.-19 тамыз.-9 б.

Санат:Тарих Санат:Мәдениет Санат:Социалистік еңбек ерлері