right|thumb|Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер. 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы. 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы. 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).
1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
75 кгКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 05.06.1995 Ермахан Ыбрайымов 5:8 Zsolt Erdei
Атлантадағы Олимпиада ойындары
71 кгКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 23.07.1996 Ермахан Ыбрайымов 15:4 Nick Farrell 1/8 27.07.1996 Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Hendrik Simangunsong 1/4 31.07.1996 Ермахан Ыбрайымов 19:9 Markus Beyer 1/2 02.08.1996 Ермахан Ыбрайымов 19:28 Alfredo Duvergel
1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
71 кгКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 19.10.1997 Ермахан Ыбрайымов 10:1 Ikrom Berdiev 1/8 21.10.1997 Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Emil Krastev 1/4 22.10.1997 Ермахан Ыбрайымов RSC 4 Mohamed Hikal 1/2 24.10.1997 Ермахан Ыбрайымов RSCH 2 Ercument Aslan Финал 26.10.1997 Ермахан Ыбрайымов 7:9 Alfredo Duvergel
1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
71 кгКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/8 22.08.1999 Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Adnan Catic 1/4 24.08.1999 Ермахан Ыбрайымов 19:9 Claudio Perugino 1/2 25.08.1999 Ермахан Ыбрайымов 11:12 Jorge Gutierrez
Сиднейдегі Олимпиада ойындары
71 кгКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 19.09.2000 Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Youssif Massas 1/8 23.09.2000 Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Hely Yanez 1/4 27.09.2000 Ермахан Ыбрайымов 16:9 Juan Hernandez Sierra 1/2 29.09.2000 Ермахан Ыбрайымов RSCO 4 Jermain Taylor Финал 01.10.2000 Ермахан Ыбрайымов 25:23 Marian Simion
Әскери атағы - майоры. Хоббиі - туризм.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:Қазақстан Олимпиада чемпиондары Санат:Қазақстан боксшылары Санат:1972 жылы туғандар Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар