Көлем - тұйық кеңістіктің шамасы.
Құю көлемі - көлік құралындағы бак немесе басқа көлемді ыдыстардың көлеміне сай келетін отын мөлшері, майлау, су немесе басқа сұйықтар мөлшері. Жану камерасының көлемі - іштен жану қозғағышы поршенінде оның жоғары өлі нүктесінің үстінде пайда болатын көлем. Цилиндрдің толық көлемі - цилиндрдің жұмыс көлемі және іштен жану қозғағышы цилиндр камерасы көлемінің қосындысы. Цилиндрдің жұмыс көлемі- УЖҚ-ы поршенінің жоғары өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге дейін орын ауыстыруы кезіндегі, поршенмен босатылған көлем.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт