Кәкен Қалымбекұлы Сейітов 1959 жылы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сейітов Қалымбек (1917-1979). Анасы - Сейітова Нұрсағыш (1929-2009). Свердловск заң институтының тергеу-криминалистика факультетін бітірген (1985), құқықтанушы. Қылмыстық құқық тақырыбындағы 4 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1985 жылдан - ШҚО Күршім аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1990 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасында тергеу басқармасының прокуроры. 1992 жылдан - Өскемен қаласы Октябрь аудандық прокурорының орынбасары. 1993 жылдан 1996 жылдың желтоқсан айына дейін - Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Таврия ауданының прокуроры. 1997 жылдың қаңтар айынан - ШҚО Глубоков аудандық сотының төрағасы. 1999 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. Аға әділет лейтенанты. Діни көзқарасы - «Құдайдың бар екендігіне сенемін». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - әдебиет, тарих. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи зерттеулер, қазақ тіліне аударма жасау. Үйленген. Жұбайы - Сейітова Айгүл Қалтайқызы, Өскемен қаласының №2 сотының жетекші маманы. 3 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Заң Санат:Тұлғалар