Звезда Прииртышья (Ертіс жұлдызы) — Павлодар облыстық газеті. Алғашқы саны «Обьединение» деген атаумен 1918 жылы 7 сәуірде жарық көрді. 1920 жылдан уездік, 1929 жылдан округтік, 1930 жылдан аудандық газет болып жарық көріп тұрды, 1938 жылы облысы газетке айналды.

Әр жылдарда «Известия Павлодарского революционного комитета» (1919 – 20), «Большевик» (1920 – 22), «Степной пахарь» (1922 – 29), «Советская деревня» (1929 – 30), «Колхозный путь» (1930 – 38), «Большевистский путь» (1938 – 53), «Павлодарская правда» (1953 – 63) атауларымен жарық көрді. 1963 жылдан қазіргі атауымен шығып келеді.

Құрылтайшылары – Павлодар облысының әкімі, облыстық мәслихат. Таралымы 33422 дана.«Қазақ Энциклопедиясы»,4 том 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:Павлодар облысы Санат:Павлодар облысы газеттері‎ Санат:Орыс тілді газеттер