Қаракемер — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаракемер ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде, Түрген өзенінің оң жағалауында, бетеге, сұлыбас, қылқанбоз басым өскен тауалдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты жонды-белесті жерінде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен39925045 6426 127,4 2519 3313 131,5 2526 3113 123,2

Тарихы Ауыл 1957-1997 жылдары Киров жеміс-жүзім кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қаракемерде және округке қарасты Сатай, Талдыбұлақ ауылдарында "Қаракемер" акционерлік қоғамы құрылды. Ауылдарда 2 орта мектеп, 2 кітапхана, мәдениет үйі, 2 фельдшеракушерлік және медициналық пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3 “Қазақ энциклопедиясы”, 9-том

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері