Кішкене Бұғаз – Зайсан көлінің алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Ақсуат ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 1020 км2.

Бастауы Тарбағатай жотасының солтүстік беткейіндегі Желдіқара, Доланқара тауларынан бастау алып, Бұғаз өзеніне оң жағалауынан құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысының аңғары тар, тік жарқабақтармен тілімденген. Құяр сағасы құмды-сазды, тастақты келеді. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы егін және мал суаруға пайдаланылады. Жайылмасы – шабындық.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсуат ауданы өзендері Санат:Зайсан су алабы