Ақтау – Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі жота.
Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерінде. Ең биік жері – Көктау тауы (1287 м).
Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің әктас, құмтас, конгломерат жыныстарынан түзілген. Ақтау жотасының қойнауында Байжансай қорғасын кен орны шоғырланған.
Өсімдігі Беткейінде бетеге, боз, жусан, өзен аңғарларында әр түрлі бұталы өсімдіктер өседі. Аңғары – жайылым. Жота етегін Шаян, Бөген өзендерінің аңғарлары алып жатыр.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Дереккөздер
Санат:Бәйдібек ауданы таулары