thumb|Оразай Батырбеков Оразай Батырбеков (1927 жылы туған), экономист, қоғам қайраткері. Экономика ғыл. кандидаты(1971), доцент (1980). Ұлытаудың түлегі.
Найман тайпасы Бағаналы руының Бабас бөлімінен шыққан.Рахметов Шахман, Өткенін ұмытпай, өркен жайған ұрпақ, Алматы, ТОО Дауир, 2003, isbn=978-601-217-433-5, таралым=1500
КазМУ-дің тарих факультегін (1951) бітірген. 1950-1970 жылдары Алматы қаласындағы Фрунзе ауданындағы комсомол комитетінің 2, кейінірек 1-хатшысы, ҚазМУ-дің Саяси экономия кафедрасының аспиранты, Қазақ өнеркәсіп кеңесі оқу комбинатының Саяси экономиядан оқытушысы, Алматы мемлекеттік медицина институтының Саяси экономия кафедрасының ассистенті, Алматы қаласындағы Қазақстан КП Фрунзе аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Алматы калалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан КП ОК-нің жауапты ұйымдастырушысы, нұсқаушысы, партия органдары бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, партия жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Алматы Жоғары партия мектебінін ректоры болды. 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. 8-, 9-сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы 12-16-съездерінің делегаты. КОКП 25-съезінің делегаты. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Еркеш Оразайұлы Батырбеков - баласы.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар