Ақтау бұйраты – Маңғыстау түбегіндегі екі ірі қия беткейлі жоталардан құралған бұйратты тау.

Геологиялық құрылымы Ақшыл түсті мергельдер, жоғарғы бор және неогеннің әктастарынан түзілген.

Жер бедері Ұзындығы 70 км, ені 12 км. Ең биік жері 322 м. Қаратауға қараған солтүстік беткейлері тік құлама келген. Оңтүстік беткейлері көлбеуленіп (8 – 120), Солтүстік Ақтау жотасында жазылып, Бозащы даласына ұласады. Солтүстік Ақтау Оңтүстік Ақтауға қарағанда аумақты. Жотаның бұл тұсы сайлы-жыралы келеді. Көктемде уақытша су көздеріне айналады. Солтүстік Ақтаудың баурайында минералдығы төмен тұщы бұлақтар бар.

Топырағы, өсімдігі Жер бедерін ірі түйіршікті, құнарлығы төмен сұр топырақ жапқан. Шөлді даласында боз жусан, баялыш, бұйырғын өседі. Ақтау бұйраты жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары Санат:Түпқараған ауданы таулары