Ақтасты – Қарағанды облысы Нұра ауданының оңтүстігінде, Құланөтпес өзенінің сол жағалауындағы шоқы. Шошқакөл көлінен солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде.
Жер бедері Ең биік жері 573 м. Беткейлері жайпақ, батысы мен оңтүстігінде құрғақ арналар және өзектермен тілімденген. Негізгі жыныстардың жер бетіне шығуы байқалады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4-5 км-ге созылған, ені 2-3 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы элювийлі-делювийлі шөгінділермен жабылған силур жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Топырағы дамымаған ашық қызыл қоңыр. Селеу, жусан, бетеге өседі, тобылғы шоғырлары кездеседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары Санат:Шоқылар