Ақтас хрустальды кен орны – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының оңтүстігінде орналасқан.
Сипаты Кені кіршіксіз мөлдір хрусталімен ерекше бағаланады. Өнім сапасының құндылығы 1995 жылы шілде айында Жезқазғанда өткен шетелдік бизнесмендер мен кәсіпкерлерге арналған тұсаукесерде жоғары жетістікке ие болды. Кен өнімдерін сараптауда Швейцарияда Ақтастың тау хрусталі мен кварцы дүние жүзіндегі ең сапалы кварц деген баға алып, «Алтын глобус» жүлдесі берілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде осы кен орнының кварцы халық тұтынатын тауар ретінде жоғары сапалы оптикалық шыны жасау мен хрусталь алуға және фарфор өндірісіне, оптикалық талшықты байланысқа пайдалануға жарамдылығы дәлелденді.Қазақ энциклопедиясы 7 том, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары