Ақтастысай – Тобыл өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Қостанай облысы Жітіқара ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қондыбай ауылы маңындағы жазықтан басталып, Приречное ауылының оңтүстігінде Тобыл өзеніне құяды. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 888 км2.
Гидрологиясы Қар суымен толығады. Сәуірдің 2-жартысында тасиды. Жазда тартылып, құрғап қалады. Саласындағы көп жылдық орташа су ағымы 0,31 м3/с. Арнасына көлемі 171 мың м3 бөген салынған.Қазақ энциклопедиясы 7 том, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Санат:Жітіқара ауданы өзендері Санат:Тобыл су алабы